Иракта 27 жылда алғаш рет халық санағы өтеді

223

0

Фото: 24 kz

Бүгін Ирак елінде жалпыұлттық халық санағы басталады. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.  

Ол кейінгі 27 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, мемлекеттің барлық өңірін қамтитын санақ цифрлық технологияның көмегімен іске асады.

Иракта ұзақ уақыт бойы халық санағының жүргізілмеуіне қарулы қақтығыстар, саяси алауыздық пен коронавирус кедергі болған. Енді ел билігі бұл үдерістің сәтті өтетініне сенім білдіріп отыр. Халық санағының алдын ала нәтижесі 24 сағат ішінде жарияланады. Ал соңғы қорытынды 2-3 айдан кейін шығады.

Ирак жоспарлау министрлігінің есебі бойынша 2024 жылдың соңына қарай елдегі халық саны 43 миллионнан асуға тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ирак парламенті сүннит депутатты спикер етіп сайлағанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<