Іс-қимыл жоспары талқыланды

266

0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлт­тық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сон­дай-ақ басқа да құзыретті органдар басшы­ла­рының баяндамалары тыңдалды.

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сон­дықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқын­дады.

– Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу, – деді Мемлекет басшысы.

Президент әлемдік деңгейдегі дағдарыстар әрдайым сын-қатерге толы болғанымен, даму­дың жаңа көкжиегін ашатынын да айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның эконо­ми­калық, көлік-логистикалық және адами әлеуетін нығайтуға ықпал ететін нақты стра­тегиялық бағыттарды атады.

Ірі инфрақұрылымдық жобалар мен цифр­ландыру жоспары еліміздің экономикалық саясатының басты бағыттары болып қала береді.

– Халық алдындағы негізгі әлеуметтік мін­деттемелердің бәрін орындауға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз, – деді Президент.

Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау мен ақша-несие саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Жиын соңында Президент мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.