Қиындықты көп болып еңсереміз

575

0

Коронавирус індеті жұмыр жерді алаңдатып отырған қазіргідей кезде адамзат үшін денсаулық басты тақырыпқа айналды. Өкінішке қарай, аты жаман кесел елімізді де айналып өткен жоқ. Десе де, Мемлекет басшысынан  бастап аймақ, аудан әкімдері, тұтас жұрт індетке қарсы күрес шараларын қарқынды қолға алуда.

Жуырда Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт То­қаев­тың мәлімдемесінде Қа­зақ­станда вирустың жап­пай тара­луына жол бермеу үшін төтенше жағдай жария­ланғаны, соған орай қа­уіпті кеселге қарсы нақты жұ­мыстар атқару туралы тап­сыр­малар берілгені айтылған болатын.

Тапсырмаларды жүзеге асы­ру үшін Қазалы ауданында да бірқатар жұмыс  жүр­гі­зі­луде. Мұндай көрініс өзім аймақ  дәрігері болып жұмыс істейтін «Жетес би» ауылдық емха­насында да жалғасын табуда.

Коронавирус індетінің өр­­шуіне бай­ла­нысты 26 нау­рыздан бастап Қазалы аудан­аралық ауруханасының бас дәрігері мен аудандық та­уар­лар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бас­қар­масы басшы­сының бірлесіп бекіткен қау­лысы негізінде жұмыс жасап жатырмыз. «Жетес би» ауылдық емха­на­сына қарасты он аймақ бар. Оларды шағын учаскелерге бөліп, қалыптасқан жағдайға байланысты сырттан келген студенттер мен қонақтарды, шетел азаматтарын анықтау үшін үй аралау жұмыстары жүргізілуде. 31 наурыздағы мәліметке сүйенсек, он ай­мақ бойынша 364 аула ара­ла­нып, 2267 адам қаралды. Оның ішінде сырттан келген студенттер – 52, Алматы, Нұр-Сұлтан, өзге де қалалардан – 37,  ал Өзбекстаннан 4 адам келгені анықталды. Бұл азаматтарға мейіркештер мен дәрігерлер үй жағдайында көмек көрсетуде. Оларға ін­дет­тің алдын алуға бағыт­талған сақтық шаралары түсіндірілді. Құдай бетін аулақ қылсын, коронавирус белгілері анық­талған жағ­дайда емханаға келмей, үй жағдайында оқ­шау­лап, инфек­ционистпен ақыл­­да­сып, әрі қарай жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызу немесе үй жағдайында емдеу шараларын шешу қарас­ты­рылуда.

Кез келген қиындықты ұлыс болып ұйысып, көп болып еңсеретініміз кәміл.

Мерей ЖАНҒАБЫЛОВ,

«Жетес би» ауылдық емханасының дәрігері.

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<