Экономиканы әртараптандыру: Өңірде өнімді жобалар бар

5

0

Фото: Облыс әкімдігі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде экономиканы одан әрі әртараптандыру шаралары қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібав селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысында «Orda Glass Ltd» ЖШС әкімшілік басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Қуатов баяндама жасап, өңірде 2022 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан республикадағы та­бақша шыны өндіретін жалғыз зауыттың жұмысы мен алдағы жоспарларын та­ныстырды. Отырыстан кейін өткен мә­жілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырма жүктелді.

– Инвестиция тартуды күшейтіп, жаңа жобаларды іске асыру үшін инвес­тор­лармен жүйелі жұмысты ұйым­дастыру керек.

Аудандарда, ауылдарда кә­сіп­­керлікті дамыту жайын жан-жақты зерделеп, нақты ұсыныс енгізіңіздер. Қаржы инс­титуттарымен аудан­дар­да, ауылдарда көшпелі тү­сіндірме жұмыстарын қар­қынды жүргізу қажет.

Сырттан келетін халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларын «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндіруді ұйымдас­тырыңыз­дар. Жоспарланған құрылыс нысандары уақытылы аяқ­талуы керек. Жаңадан салуға келі­сілген нысандарға ғана жоба-сметалық құжат әзірлеңіздер.

Мемлекет басшысының Катар сапарында жасалған келісім бойынша қуаттылығы 1100 Мвт-тық бу-газ қон­дырғысының жобалау жұмыстары жүр­гізілуде. Облыстық энер­гетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы басқармасы маңызды екі жобаны сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыруы қажет, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, өңір экономикасын әртараптандыру, шикізатқа тәуел­ділікті азайту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ШОБ-ты қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді арттыруда жүйелі жұмыс бар.

2026-2029 жылдары 48 инвести­циялық жоба іске асырылып, 10308 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 100 млрд теңгенің 21 жобасы іске қосылады. Олардың қатарында қуаттылығы 3500 тонналық құс фабрикасы, 5200 тонналық тауарлы-сүт фермасы, «Пана» қонақ үйі, гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндіру зауыты, жалпы қуаттылығы 50 МВт болатын 2-күн электр станциясы бар.

Сонымен бірге 753 млрд 300 млн теңгеге бағаланған 14 ірі жобаның құрылысы межеленген. Өткен жылы кореялық «Уиз Ю» компаниясының тұрмыстық қатты қал­дықтарды сұ­рып­тау кешені және «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталды. «Таби­ғи тас Қызылорда» серіктестігі 17 млрд 300 млн теңгеге жылына 1 млн 100 мың тонна әк өндіретін зауыт­ты іске қосады. «Шалқия» кен-байыту фабрикасы, «Арал сода» серіктестігінің кальцийленген сода, «Севен Риверс» компаниясының шыны бөтелке, испандық «Рока групп» компа­ния­сының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шыға­ратын зауыт құрылысы басталады.

Швейцариялық «Харвест Агро» ком­паниясының техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, қайта өңдеу, жүгеріні терең өңдейтін крахмал-сірне зауытының құрылысы бастау алды. Компанияға 14 200 гектар жер учаскесі берілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі