Электронды билет қыркүйекте енгізілмек

883

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Төлеуов және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов қатысты. Онда қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесінің енгізілуі туралы айтылды.

Өткен жылдың соңында тиісті мекемелер бірігіп, қоғамдық көліктерде электронды билеттік жүйені енгізу туралы 4 жақты ке­лісімшарт жасалған бо­латын. Осы ретте наурыз айында 20 мың дана оқу­шыларға, 50 мың дана үлкендерге арналған көлік картасы келді. Қазіргі таңда автопаркке қабылдап алу актісі арқылы 95 дана терминал мен 89 дана валидатор, 120 дана жүр­гізушілерге арналған карта өткізілді.

Электрондық жол жүру картасы арқылы төлем 90 теңге болса, қолма-қол ақшамен төлеу 120 теңге болып бекітілді. Бұл 1-ші қыркүйектен бастап күшіне енбек.

Сонымен қатар бри­фингте «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы шеңбе­рінде көлік саласындағы «Smart City» эталондық стандартына сай 4 жоба жоспарланғаны айтылды. Тиісті сала мамандары жоба жайында кеңінен түсіндіріп өтті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<