Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

282

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ғани Сүлейменов жүргізді.

Жиынға аудандық прокуратура өкілі мен комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралып, тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Жалағаш ауданының полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Бекбол Ахмағанбетов құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және 2025 жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы туралы айтса, Жалағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бибіәсия Дүйсенбиева және ауданның дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марал Айтпанова балалар мен жасөспірімдердің мәдениет және өнер мекемелеріне қолжетімділігі, сондай-ақ оларды спорттық секцияларға тартуды тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.