Канаданың Галифакс қаласының әуежайында PAL Airlines әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қону кезінде өртеніп кетті.
Air Canada әуе компаниясының 2259 рейсі Сент-Джонс қаласынан Галифаксқа ұшып бара жатып, қону кезінде қанатымен ұшу-қону жолағына соғылып, өрт шықты. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Өрт бірнеше минуттың ішінде ауыздықталды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың нақты себептері анықталған жоқ;
Сондай-ақ бүгін Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайына қонған кезде Jeju Air жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі болды.
Бұған дейін Қазақстан аумағында Ақтау маңында Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқанда апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<