Канвон-2024: Медальдар кестесінде қай ел көш бастап тұр

522

0

Коллаж: olympics.com/Midjourney

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте 6-орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазірге дейін Канвон олимпиадасының медалін 18 мемлекеттің ұлттық құрамалары алып үлгерген. Медальдар кестесінде Франция көш бастап тұр.

Франция – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола

Италия – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола

Қытай – 3 алтын, 3 күміс

Германия – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

Словения – 2 алтын

Қазақстан – 1 алтын, 1 қола медаль.

Жалпы қазірге дейін 9 ел алтын, 9 ел күміс, 13 ел қола медальға ие болып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанса , бүгін шорт-трекші Полина Омельчук қола медаль жеңіп алды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<