«Картамда 103 млн теңге жатыр»: Тойға келген есепші қомақты ақшасын көрсетіп, бас жүлде алды (ВИДЕО)

491

0

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қазақтың тойында тағы бір таңданыс тудырған жайт орын алды – тойға келген қонақтар кімнің ақшасы көп екенін көрсетіп, жарысты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ойынға қатысқан қонақтардың бірі банк картасында 25 млн теңге бар екенін айтты. Ал бухгалер болып істейтін мейман банк картасында 103 млн теңге жатқанын көрсетіп, бас сыйлықты ұтып алады. Тамаданың әлеуметтік желідегі локациясына қарасақ, той Қызылорда қаласында өтуі мүмкін.

Дегенмен, видеоға пікір жазған адамдар бұл бухгалтерді шұғыл түрде Антикор тексеру керек деген пікірде қалған.

«Бухгалтерді антикор тексеруі керек. Картасында 103 млн теңге бар, бірақ тойға он мың беретін шығар. Жұмысшылардың жалақысын картасына салып алған болар. Ары таза болған соң, көрсетіп отыр ғой. Бір мекеме жұмысшыларының айлығы шығар, депозитке айналдыру үшін салып қойған шығар», – деп жазған олар.

@ayanello7 Точно запчастей айтып жатыр ма 🤣🤣🤣 #аянтамада #шоумен #врекомендации #ведущийнасвадьбу #казактынтойыбитпесин #хочуврекомендации #аянсапарбаев ♬ оригинальный звук – AYANELLO 😎

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<