«Кедергісіз орта» қалыптастыру – баршаға ортақ жауапты міндет

1728

0

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» деген міндетін біздің алдымызға қойылғаны баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңының 25-бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерінде мүгедектердің еркін кіріп-шығуына, бағдар ұстануына және жүріп-тұруына мемлекеттік стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті және оларға еркін қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқынаЖолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде осы мәселені шешуге қоғамдық бақылауды күшейту» туралы 62-ші тармағының енгізілуіне орай аталған тармақты іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша өңірлік Жол картасы қабылданды.
Сонымен бірге, Қызылорда облысының әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріндемүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етубойынша 2019 жылға арналған жол картасықосымша бекітілді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңның 37-бабына сәйкес мүгедектерді әлеуметтікқорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилақтикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №537 бұйрығымен бектіліген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында профилактикалық бақылау жүргізуінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыс аумағыдағы әлеуметтік объектілердің мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру жағдайына профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді.
Жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде облыс аумағындағы 10 объект бойынша50 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда,«Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша – 4 бұзушылық, «Қалалық мәдениет үйі, клубтары және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйі бойынша – 6 бұзушылық, «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің А. Пушкин атындағы Қызылорда қалалық кітапханасы бойынша – 6 бұзушылық, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бойынша – 5 бұзушылық, Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша –4 бұзушылық, «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша – 5бұзушылық, Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек кентінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша – 6 бұзушылық, «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық орталық кітапханасы бойынша – 6бұзушылық, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша – 3 бұзушылық, Шиелі ауданы Керделі ауылдық округіндегі «Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша – 5бұзушылық анықталып, қорытындысымен аталған ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы мерзімдері көрсетілген ұйғарымдар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Анықталған кемшіліктердің қатарындаобъект аумағында мүгедектерге арналған автотұрақтың болмауы, мүгедектердің кіріс тобына, қызмет көрсету аймақтарына,  санитарлық-тұрмыстық орынжайларға, бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация нысандарының қолжетімділігі мен жол қозғалысында қолжетімділігін қамтамасыз етпеу түрлеріжиі орын алған.
Аталған мемлекеттік ұйымдардың басшылары тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды ұйғарымда көрсетілген мерзім ішінде жоюға міндетті.
Анықталған бұзушылықтар белгіленген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндеайыппұл салуға алып келеді. Осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты бермеуі немесе уақытылы бермеуі жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көріп отырғанымыздай, «Кедергісіз орта» қалыптастыру мәселесіне мемлекеттік деңгейде ерекше мән беріліп, оны іске асыру үшін барлық құқықтық алғы шарттары тиісті заңнамалармен белгіленген.
Сол себептен, қоғамымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Кедергісіз орта» қалыптастыру – баршамызға ортақ әрі жауапты міндет екенін ұмытпағанымыз абзал.

Б.Накипов,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<