Түркістандық полицейлер жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлады Syrboyi.kz Қазақпарат ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып. Оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасы бойындағы «Сауран» бекетінің жанында болды. Тoyota camry маркалы көлікті тоқтатып, тексеру жүргізген тәртіп сақшылары жолаушыдан есірткіге ұқсас заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты.
Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 2 келі «кептірілген марихуана» болып шықты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері 42 жастағы күдіктіні есірткіні заңсыз сақтағаны мен тасымалдағаны үшін ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті, Қызылорда облысының тұрғыны қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Алматыда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан 105 адам ұсталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<