Кезекші бөлімнің полицейлері балаларға қуаныш сыйлады

471

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысы Полиция департаменті Кезекші бөлімнің қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көпбалалы отбасыдан шыққан балаларды қуанту мақсатында тәттілерден құралған тарту-таралғыларын апарып, сыйлықтар үлестірді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтардың бұл бірінші қайырымдылық шарасы емес.

«Қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету. Өзіміз әркез ұжымда осындай акцияларға атсалысып, мүмкіндігімізше көмек береміз» дейді полицейлер.

Кәсіби міндетіне адал полицейлердің мереке күндерді өз отбасымен қарсы алудың сәті түсе бермейді. Есесіне, қызмет уақыты арасында сауапты іске жұмылып, тұрғындарға көмек беруде.