Топ-баннер2

Көктемгі шақыру басталды

7

0

Облыста көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл өңірден 800-ден астам азамат әскерге аттанады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлыбек Сейтханов хабарлады.

Оның айтуынша, наурыз-маусым айлары аралығында жас сарбаздар ҚР Қарулы күш­тері мен өзге де әскери құ­ры­лымдар құрамында Отан ал­дындағы борышын өтейді.

– Көктемгі шақырылым ке­зінде өңірден 800-ден астам аза­мат әскери қызметке, атап айтқанда ҚР ҰҚК Шекара қыз­метіне 100, Қарулы күш­тер қатарына 400, Ұлттық ұлан­ға 300, Мемлекеттік күзет қыз­метіне 15, Төтенше жағдай­лар министр­лігіне 30-ға жуық азамат жіберіледі. Бұл – ел қауіп­сіздігін қамтамасыз ету­дегі маңызды қадам. Әскер қа­та­рына елімізді қорғауға қа­білетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, білім деңгейі жеткілікті және мора­льдық-іскерлік қасиеті жоғары азаматтар іріктеледі. Борышты өтеу кезінде жастарды тәр­тіп пен жауапкершілікке, отан­сүй­гіштікке баулиды, – дейді Нұрлыбек Қалыбекұлы.

Науқанда шақыру контин­генті тиянақты зерделенеді. Шақырушы­лармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесу жүр­гізіледі. Бұл шараның жас­тарды әскери бөлімдер бойынша іріктеу мен бөлу кезінде маңызы зор.

Сондай-ақ жас сарбаздар алдымен медициналық тек­се­­рістен, заң талаптарына сәй­­кес сараптамадан өтеді, мо­ра­ль­дық-психологиялық да­йын­­дығы ескеріледі. Барлық ұйым­дас­тыру жұмыстары қолда­ныс­тағы нор­мативтік-құ­қық­тық актілер не­гізінде жүр­гізіледі.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»