Көне жауһар көмбесі

192

0

ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Жанкент қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысымен, жаңадан табылған тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты.

Жанкент қалашығы – Қа­залы ауданындағы рес­б­ли­калық маңызы бар тарих және мәдениет ес­керт­кі­ші. Қазақстанның орта­ға­сыр­лық, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерт­­теудегі маңызды нысан. VІІ-XII ғасырлардағы Сыр бо­йындағы ірі қалалардың бірі, Оғыз қағанатының ас­танасы са­налған. Мұнда 2014 жылдан бері қазақ­стандық және шетелдік ар­хеолог­тардың қаты­суымен ке­шенді зерт­теу жүргізілуде.

Сапар барысында Ұлттық музейдің бас­шысы мен облыс әкі­мінің орын­басары архео­лог­тармен кез­десіп, жұмыс нәти­же­лерін жо­ғары бағалады. Бір­лескен жо­баларды жүзеге асыру, та­былған жәдігерлерді сақтау мен музейлендіру жолдарын тал­­қылады. Қазба барысында табылған жәдігерлер ортаға­сыр­лық кезеңнің сауда, мәде­ниет және діни салттарын зерт­теуге тың серпін береді.

Облыста 567 тарихи-мәде­ни мұра нысаны мемлекет қор­­ғауына алынған, оның 31-і рес­публикалық, 256-сы жер­гі­лікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш­терінің мем­лекеттік ті­зіміне енгізілген, 280 нысан алдын ала есепке алынған.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі «Жібек жолы: Фер­ғана-Сырдария дәлізі» серия­лық трансұлттық номинациясы бо­йынша Сығанақ, Жанкент қа­ла­шықтары мен Жетіасар мә­дениет ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның негізгі тізіміне енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық бюджет есебінен жыл сайын ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сы­ғанақ қалашықтарында ке­шен­ді археологиялық қазба жұ­­мыс­тары жүргізіліп, музей­лер қоры 10 мыңға жуық экс­понат­пен толықтырылды. Та­былған жәдігерлердің негізінде «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Тү­гіскен көсемі», «Жетіасар ақ­сүйек әйелі» тарихи реконст­рукциялары жасалды.

«Цифрлы Қазақстан» мем­ле­кеттік бағдар­ламасы аясында тарихи-мәдени мұраларды сан­дық форматқа көшіру және желі қолданушыларына қолжетімді ету үшін 3D форматтағы ин­тер­активті карта (virtualmap.xyz) жұ­мыс жасайды. Сайт 2018 жыл­дан бері қолданыста.

Қала, аудан орталықтарына жақын орналасқан республи­калық және жергілікті маңызы бар 194 ескерткішке QR-код ор­на­тылып, қонақтар мен ту­рис­терге толық ақпарат ұсы­нылған.

Одан кейін Берік Әбді­ға­ли­ұлы мен Шахмарман Бай­ман­­ов Қазалы ауданындағы «Ру­ха­ният орталығына» барды. Он­­да неке қию залы, кітапхана, му­зей, архив, жастар сарайы, ар­дагер­лер мен аналар үйі ке­лу­шілерге қызмет көрсетуде.