Көпсалалы колледждегі кәсіби бағдар

61

0

Қызылорда облысының білім басқармасы және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік-техникалық мамандықтар: еңбек нарығының сұранысы мен болашағы» атты облыстық семинар өтті.

Семинар қонақтары кол­ледж­­дің оқу үдерісіне негіз­дел­ген заманауи материалдық-техни­ка­лық базамен танысып, робо­тотехника кабинеті, электр­мен қамтамасыз ету, агро­техника, ав­токөлік жөн­деу, ветеринария, тігін шебер­ханасы, құрылыc ка­бинеттері, бағдарламалау зерт­ханасы, му­зей және кітапхана бөлім­дерін аралады. Арнайы жаб­­дық­талған оқу орындары бі­лім беру сапасын арттыруға және болашақ мамандардың құзы­рет­тілігін дамытуға ба­ғыт­талғаны атап өтілді.

Жиын барысында техни­ка­лық және кәсіптік білім беру бө­лімінің басшысы Бек­жан Есен­­баев, облыстық кә­сіп­кер­лер па­латасының ди­рек­торы Пір­­мұ­хаммед Сыздық, И.Әбді­кәрімов атын­дағы Қы­зылорда поли­тех­никалық жо­­ғары кол­леджінің дирек­торы Абайбек Жүнісов, «Қы­зылорда жылу орталығы» МКК өкілі Нұрлан Байкен жә­не Қызылорда жоғары көп­салалы колледжінің дирек­торы Маржан Бисенова сөз сөйлеп, кәсіптік бі­лім беруді дамыту бағыттары талқы­лан­ды.

Колледж директоры Мар­жан Қылышбайқызы өз сөзін­де еңбек нарығында сұранысқа ие кадрлар даярлаудың маңы­зын атап өтті:

«2025 жылдың «Жұмысшы ма­мандықтар жылы» деп жария­лануы кәсіпқойлық пен ең­бек­сүй­гіштік идеясын алға жыл­жытуға үлкен серпін бе­реді.
 Кол­леджіміздің бас­ты мақ­­саты – заманауи тех­но­логия­­ларды меңгерген, кә­сі­би құзы­­рет­ті­лігі жоғары ма­мандар даяр­лау. Дуальді оқы­туды дамы­ту арқылы сту­денттер теория­ны өндірістік тәжірибемен ұш­тастырады. Бүгінде білім алу­шылардың 60%-ы өндірісте тә­жі­рибе жи­нақтап, түлектердің 80%-дан астамы мамандығы бо­йынша жұмысқа орналасып отыр. Студенттеріміз WorldSkills чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, халық­ара­лық деңгейдегі талаптарға сай біліктілігін дәлелдеуде», – деді ол.

Семинар аясында «Бола­шақ маманның бір күні» атты Work­shop Vision ұйымдас­ты­ры­лып, қатысушы­лар өза­ра пікір алмасты және ұсы­ныс­тар жасады. Сонымен қа­тар, «Ата­мекен» өңірлік кә­сіпкерлер па­латасы және «Қызылорда нан» ЖШС ме­кемелерімен ынтымақ­тастық туралы меморандумға қол қойылды.

«СБ» ақпарат