Комиссияның алғашқы отырысы өтті

4

0

Фото: Конституциялық сот

Астана қаласында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді, орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев комиссия мүшесі ретінде отырысқа қатысты. Еске салсақ, Мем­лекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойып, комис­сияның ережесі мен құрамы бекі­тілген болатын. Конституциялық ко­мис­сия елдегі саяси-құқықтық ре­фор­­маларды жүйелеу, Ата заңға ен­гізілетін ықтимал өзгерістерді сарап­тау және ұсыныстар әзірлеу бағы­тында жұмыс жүргізеді. Оның құрамында еліміздің өңір басшы­ларының арасынан Қызылорда облы­сының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бар.

Эльвира Азимова Конститу­ция­лық реформаның басты мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Атап айтсақ, Жұмыс тобының мүшелерінен бөлек, азаматтардың ұсынысын ескеру. V Ұлттық құрылтайда Президент ұсынған мемлекеттік билікті бір палаталы Парламентке – Құрылтайға өткізу, Халық кеңесін құру, Вице-президент лауазымын енгізу және басқа да мәселелерді жан-жақты әрі кешенді түрде зерделеп, пысықтау.

Кеңейтілген құрамдағы Конс­титуциялық комис­сияның құры­луы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың қисынды жалғасы, сондай-ақ бірнеше айға ұласқан пікір­таластар барысында қалып­тас­қан ауқымды қоғамдық сұранысқа берілген жауап болды.

Қазақстан Республикасы саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Мемлекет басшысы әрі қарайғы дамудың институционалдық тепе-теңдікті нығайту, заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыру, те­же­мелік тепе-теңдік жүйесін кү­шейту, сондай-ақ қоғамның мем­­ле­­кеттік басқаруға қатысуын қам­­та­масыз ететін конституциялық меха­­­низм­дер­ді жаңарту арқылы ғана мүм­кін екенін айқын атап көрсетті.

Отырыста Ерлан Қарин Пар­ламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталып, Ұлттық құрылтайда көрсетілген бағыт-бағдарларды атап өтті.

Басқа да комиссия мүшелері алдағы маңызды мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.