Лудомания: Құмар ойынға құмартқандар көп

815

0

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің жанынан құрылған сарапшылар тобының қатысуымен және Қызылорда қоғамдық телеарнасымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді. Еркін форматтағы кездесуде «Лудомания: жастар арасындағы ойынқұмарлықты қалай тоқтатамыз?» тақырыбы қозғалды.

Бүгінде жастар арасында құмар ойындарына деген қызығушылық күннен-күнге белең алып келеді. Елге індет болып жабысқан дерттен құтылудың жолы қалай? Бұл жөнінде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Досмұрат Шобдыр және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Құралай Иманалиева ой бөлісті.

Аймақта қанша жастар құмар ойынның жетегінде кеткені жайында Досмұрат Шобдыр айтты. Сондай-ақ, заңсыз ойынды «кәсіп» қылып, салықтан жалтарып жүргендерге қандай шара қолданылып жатқаны жайында қоса кетті. Тек ер-азаматтар ғана емес, нәзікжандылар да құмар ойынға әуес екен. Жалпы, спикер өңірдегі заңсыз ойын бизнесін тоқтату бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Лудомания – адамның құмар ойындарға деген қажеттілігін басқара алмайтын патологиялық жағдай, бұл өмірдегі күрделі мәселелерге, соның ішінде қаржылық, әлеуметтік және психологиялық проблемаларға әкеледі. Жастардың бос уақыттарының көп болуынан ба, әлде тоқшылықтың әсері ме құмар ойындарға ессіз кіріп жүр. Қарызға белшеден батқан жастарға қандай қолдау көрсете аламыз? Тығырыққа тірелген жастардың психологиялық жағдайы жайлы Құралай Иманалиева толығырақ мәлімдеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<