Топ-баннер2

Мәди Бекмағанбетов – департамент басшысы

4

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжілісте, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы таныстырылды.

Нұрлыбек Машбекұлы жаңа бас­шыға игі тілегін білдіріп, саладағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, білім сапасын арттыруға бағыт­талған жұмысты жүйелеу қажеттігін атап өтті.

– Білім сапасын әділ бағалаудың тәуелсіз тетіктерін енгізуде, жүйенің ашықтығы мен қоғамдық сенімді нығайтуда кешенді шаралар қабылдау қажет. Білім беру, әсіресе жекеменшік білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігіне қатаң бақылау орнатуды тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

Мәди Бекмағанбетов еңбек жолын білім беру ұйымдарында бастаған. Әр жылдары облыстық ішкі саясат басқармасында маман, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2020-2023 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында ұйым­дас­­тыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инс­пекторы, бөлім басшысы болған. 2023 жылдан бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.