Мәслихат депутаттарының біліктілігі артады

361

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың қатысуымен өткен мәслихат депутаттарының форумында көптеген мәселе кеңінен қамтылды.

Форумда «Кедергісіз келешек», «Ауыл аманаты» бағдарламалары өз нәтижесін беріп жатқандығы айтылды.

Сондай-ақ Президент жастарды қолдау бағытында да маңызды іс-шаралар жүзеге асқанын атап өтті. Мемлекет басшысы 2022 жылы референдум арқылы Конституцияға енгізілген ауқымды өзгерістердің нәтижесі туралы баяндады. Екі жыл бұрын референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгізілді. Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейді. Билік тармақтарының жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдады.


Айта кетерлігі, аталған реформа партиялардың аймақтағы белсенділігін арттырды. Халық жергілікті мәселелерді шешуге белсене атсалысуға мүмкіндік алды. Осындай жаңашыл істер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының өз деңгейінде жұмыс жасауына жол ашты. Саяси реформалар мәслихаттардың құзыреті кеңейтуге негіз қалады.

Алдағы уақытта депутаттар облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін баламалы негізде таңдайтын болды.

Жиын барысында Президент мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажеттігіне тоқталды. Республикалық форумда Мемлекет басшысы АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдум жөнінде пікір білдірді.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<