Фото: Қазалы ауданы
10 желтоқсанда өткен сайлауда ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат Әбілхан Алмат Аманқосұлы халықтың 706 дауысын жинап, Майлыбас ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Соған сәйкес аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ауылдық округтің әкімін елді мекен тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиында ауыл халқы өздері сайлап алған басшының ел үшін жұмыс жасайтынына сенім білдіріп, ауқымды талап қоятындарын жеткізді.
Алмат Аманқосұлы өзіне жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарап, барлығын ел-халықпен бірге ақылдасып шешетінін айтты.
Мұнан соң аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай жаңадан сайланған әкімнің куәлігін табыс етті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<