Маңғыстау облысынан келген қонақтар Жалағаш ауданында болды

338

0

Фото: Ауылшаруашылығы басқармасы

Маңғыстау облысынан келген делегация Жалағаш ауданының «Руханият орталығының» жұмысымен танысты.

Құрметті қонақтарға алдымен дәм ұсынылып, ардагер аналар ұлттық өнер үлгісін паш етті. Маңғыстаулық қонақтар 85 жылдан астам тарихы бар туған жер шежіресімен танысып, жаңа ғимараттың бүгінгі тынысының куәсі болды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен салынған нысан тиімділігі мен ерекшелігі жағынан көпшілікті тәнті етті.

Жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталығының ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жасауда.

* * *

Таң ауылында маңғыстаулық құрметті қонақтармен кездесу өтті. Қонақтар алдымен атқарылған ауқымды жұмыстармен танысып, ризашылықтарын білдірді.

Делегацияға Таң ауылдық округінің әлеуметтік картасы мен экономикалық даму көрсеткіштері ұсынылды. Мұнан соң Маңғыстаулықтар 2024 жылы күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінің жаңа ғимаратымен танысып, Жалағаштың қонақжай халықтарына алғыстарын жеткізді.

«Дихан ата» өнімдері қонақтарымызды тәнті етіп, Сыр маржанының облыс бренді екенін дәлелдеді. Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келген Маңғыстаулық делегация тәжірибе алмасу мақсатында ауқымды жобалар қолға алуға мүмкіндіктер мол екенін айтты.

Маңғыстау облысынан келген қонақтар Жалағаш ауданында болды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<