Мейрамбек Беспаевтың әйелі жүкті екенін жариялады

648

0

Фото: видеодан скриншот

Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева өзінің аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды syrboyi.kz.

Бұл қуанышымен ол өзінің әлеуметтік парақшасында бір айдан бері парақшада көрінбей кетуінің себебін түсіндірді.

– “Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін, – деп жазды ол.

Араға 9 жыл салып көрген қуанышын оқырмандарымен бөліскенді  дұрыс санаған ол сәбиін қауышатын сәтін асыға  күтіп жүргенін мәлімдеді.

– Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын – деді ол.

Әлеуметтік парақшадағы оқырмандары жылы лебіздерін жеткізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<