Мектеп құрылысындағы қарқын

122

0

Өңірде, әсіресе қалада әрбір құрылыс бақылауда. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысымен танысты.

Алдымен СПМК-70 мөлтек ауданындағы 1500 орын­дық жаңа мектептің құрылыс алаңында болды. Бас мер­ді­гер «Integra Construction KZ» серіктестігі құрылыс-мон­таж жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың қа­­быр­ға­ла­ры то­лық қаланып, іші әрленуде, инженерлік жүйе­­ле­рі орнатылуда. Құрылысқа 11 инженер-техникалық қыз­­мет­кер, 183 жұмысшы және 6 техника жұмылдырылған.

«Арай» мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектептің де құрылысы қарқын алған. Бас мердігер «Абу-Сер» серіктестігі ішкі әрлеу, есік-терезе орнату, жылу жүйелерін монтаждау және аулаға инженерлік желілерді тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс басында 10 инженер, 185 жұмысшы еңбек етуде, 22 техника іске қосылған. Мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.