Мемлекеттік марапат иелері

167

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 21 қазандағы №1053 Жарлығына сәйкес:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІ

ӘМІР-ТЕМІР Хусеин Жүсіпұлы – Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрының режиссері. Қызылорда облысының құр­метті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері.

***

Ақордада өткен салтанатты жиында еліміздің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесі үшін, жырау, педагог, фольклор зерттеуші-ғалым, ұстаз, Қызылорда облы­сының құрметті азаматы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері АЛМАТОВ Алмасбек Нұрмаханұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

«ПАРАСАТ» ОРДЕНІ

ҚАЮПОВ Биғали Әбдікерұлы – мемлекет және қоғам қайраткері. Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

ӘБИБУЛЛАЕВ Ибрагим Сражадинұлы – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

ЖҰМАБАЕВ Асылбек Теңелұлы – мемлекеттік қызмет саласының ардагері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ЖАНСАҚАЛОВ Әбдімәжит Алмағамбетұлы – «Дәнекер құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері.

ӘЛІМҚҰЛОВ Темірхан Мәлікұлы – «СМП-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері.

БАЙНАЗАРОВА Райкүл Мансұрқызы – «Сыр елі облыстық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

МЫХАНОВ Бердібек Сартайұлы – «Сыр Самалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, «Құрмет» ордені­нің иегері.

ӘМІРҒАЛИҰЛЫ Әбдіғаппар – еңбек ардагері.

ӘМІРЕҰЛЫ Махмұтбай – еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ

ҚАЛЫМБЕТОВА Күлән Жан­темірқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ӘЛЖІК Орынбасар Қарабалаұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

НҰРСАЙЫТОВ Мұрат Тұқманұлы – «Марал – Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы.

БАЛАТАЕВ Үйсінхан Амангелдіұлы – «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

ПІРМАНТАЕВ Нұржан Айдар­бекұлы – «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ДҮЙСЕНҒАЗИЕВ Серік Хамитұлы – «Нағи» шаруа қожалығының төрағасы.

ҚОРДАБАЙ Нұрғали Рахымшаұлы – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

ИМАНДОСОВ Нұрлан Самұратұлы – «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ЕЛУБАЕВА Индира Шәкіманқызы – Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, әнші-композитор, ақын, Мәдениет саласының үздігі.

БЕРДІБАЕВ Асқар Айтөреұлы – «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы.

ИСКАКОВ Олжас Ермекұлы – Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

САНСЫЗБАЙҰЛЫ Балмейір – «Алтын брикс Қызылорда» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.

ӘПЕТОВ Ерсұлтан Амантайұлы – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

КӨШЕКОВ Марат Жұбатханұлы – Жер ресурстарын басқару комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы.

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІ

РАХМАНБЕРДИЕВ Батырбек Айдарбекұлы – «Абзал және Компания» толық серіктестігінің бағбаны.

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ

БОДЫҚБАЕВ Жақай Серікұлы – еңбек ардагері, қоғам қайраткері.

ӘБДІХАМИТҚЫЗЫ Айжамал – білім саласының ардагері.

ЗАРЕРОВ Жұмат Арапұлы – «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы Жаңақорған аудандық филиалының электромонтері.

АБЗАЛИЕВА Жанат Амангелдіқызы – Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы.

ТАЙМАНҚЫЗЫ Гауһар – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы.

СОРОКИН Михаил Владимирович – «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің машинисі.

ТӨРЕАХМЕТОВ Базарбай Шөменұлы – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.

ҚҰДАБЕКОВА Қыдыркүл Нұрабайқызы – Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы.

МАНТАЕВ Бекет Тайшыбекұлы – көпбейінді облыстық ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі.

ІЗДЕН Анар Жарылқасынқызы – «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы, «Ұмай» балалар үйінің құрылтайшысы. «Шапағат» медалінің иегері.

САҚТАҒАНОВА Айткүл Раушанбекқызы – көпбейінді облыстық ауруханасының бас мейіргері.

ЖАНДАРБЕКОВ Айтбай Насриддинұлы – Шиелі ауданының әкімі.

ҚОЙШЫБАЕВ Шахмардан Сұлтанбекұлы – Қызылорда облысы ветеринария басқармасының басшысы.

АББАСОВА Фарида Әубәкірқызы – Қызылорда облысы экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

ТӨРАЛИЕВ Ерлан Кәрімбекұлы – Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

СЫЗДЫҚОВ Жәнібек Шәкімбайұлы – Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

ЕМБЕРГЕНОВ Марат Бекназарұлы – Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

ОМАРОВ Мұхамедәлі Батырханұлы – «Қаратау Фрутс» шаруа қожалығының басшысы.

БӘКІР Әбдіжәлел Қошқарұлы – журналист, қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, әлеуметтану ғылымдарының профессоры.

ІЗДІҚҰЛОВА Азиза Гажденбекқызы – Қызылорда облыстық филармониясының режиссері.

«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІ

АЙДОСОВА Аягөз Нұржанқызы – Мемлекеттік қызмет саласының ардагері.

ӨТЕГЕНОВА Гүлназ Бекмырзақызы – «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәні мұғалімі.

МЫРЗАБАЕВА Гүлбану Елубайқызы – балетмейстр.

«БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІ

СМАХАНОВА Рая Ханифовна – Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

КИМ Юрий Федорович – «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің ардагері.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ

ЧОЛОНДУРОВ Хамзат Жайнаевич – Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің ардагері.

***

2025 жылғы 8 қаңтардағы Қызылорда облыстық мәслихатының № 145 шешіміне сәйкес «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы

ДҮЙСЕНБАЕВ Серік Әбішұлы – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.