Мемлекеттік ту көтеру рәсімі

74

0

Қызылордадағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлттық мереке – Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының 35 жыл толуына орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Елдік рухты асқақтатып, ұлттық бірегейлікті, тәуел­сіздік құндылықтарын және ұлттың мәңгілік мұратын айшықтайтын бұл рәсімге құқық қорғау орган­дарының, басқарма, департамент бас­шылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкіл­дері мен күштік құрылым маман­дары қатысты.

Мемлекеттік Ту көтеру сәтінде әскери хор Мем­лекеттік Гимнді орындады.

Мерекелік салтанатты шара «Чемпионмен бірге жүгір» марафонына ұласты.