Мен өмірді қалаймын, жарық күнді,
Көңіл шіркін сүймейді қара түнді.
Таза ауамен тыныстап, еркін өсіп,
Сезінемін тірліктің мәні сырлы.
Мен өмірді қалаймын, ақ жүрекпен,
Адалдықпен, мейірім, таза ниетпен.
Жас өмірге есірткі жат екенін,
Бәріміз де түсінсек шын ниетпен
Мен өмірді қалаймын, шат-шадыман,
Күнде шуақ, бейбіт күн батса бұдан.
Есірткіге жоламай, таза жүріп,
Арман қуып, самғасам ақ таңынан.
Мен өмірді қалаймын,нұрмен бірге,
Жақсылықпен жарысқан күнмен бірге.
Тәтті күлкі, саулық пен шын бақытты,
Алып келсін әрбір сәт, гүлмен бірге.
Мен өмірді қалаймын саған айтам,
Есірткі – жау, бұны да ұққан қайдан.
Жастық шақты улатпай, қор қылмайық,
Қадам басшы арманың, болма жайдан.
Мен өмірді қалаймын таза жолмен,
Жаным тыныш, жүрегім таза оймен
Кел, достарым, есірткіден бас тартып,
Салауатты өмірге барайық жолмен
Айсана Асанова,
№49 орта мектеп,
6-сынып оқушысы.
Шиелі ауданы





