Мен өмірді қалаймын!

122

0

Мен өмірді қалаймын, жарық таңды,

Көктемнің иісі аңқыған бауды.

Күн күліп, аспан нұр төккен сәтті,

Бақытқа толы шат күлкі маңды.

Мен өмірді қалаймын, достық, шаттық,

Жүрек жылуын, шын таза бақыт.

Жұлдыз секілді жарқ ете қалған,

Өмірдің мәнін сезінем анық.

Есірткі – зұлмат, алдамшы арбау,

Жарқын өмірді қара түн етер жау.

Бір сәттік ләззат – мәңгілік өкініш,

Адасқан жанды торына байлар.

Кім сенсе соған, үмітін жоғалтар,

Бақытын, арын, өмірін тонатар.

Бірақ сен тоқта, ойланып көр,

Бұл жолдың соңы түпсіз терең ор.

Досым, сен де ойланып, таңда жолды,

Таза өмір ең биік, нұрлы шыңды.

Есірткі – өмірдің жауы, қас дұшпаны,

Жойып, өшіріп жібереді нұрды.

Нұрислам Далабаев,
N79 негізгі мектебінің 8 – сынып оқушысы.
Қармақшы ауданы