Мереке күндеріндегі тынымсыз тірлік

57

0

Мереке күндері жұрт демалып, отбасында атап өтіп, мәре-сәре болып жатқанда тынымсыз жұмыс істеп, үздіксіз қызмет көрсететін сала қызметкерлері бар.  Былайғы күндері де тынымсыз еңбек ететін олар мерекелерде тіпті қарбалас күйге түседі. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасының басында демалыс күндері үздіксіз жұмыс істеген мекеме өкілдері, атап айтқанда, облыстық төтенше жағдайлар департаменті  мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асхат Оразбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы  басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңыл Абубакирова,  Қызылорда облысы әкімі аппараты Жедел әрекет ету орталығының директоры Бағлан Терлікбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг беріп, мереке күндері атқарған жұмыстары туралы айтты.

Асхат Оразбековтің айтуынша, ТЖД бөлім­шелері күшейтілген жағ­дай­да жұмыс істеген. Кезекшілік уақы­тында 22 жедел шығу бол­ған, оның ішінде 4 өрт, 10 өртке жатпай­тын жану оқиғасы, 2 авариялық құт­қару жұмысы, 6 басқа да шығыс, кү­шей­тілген кезекшілік уақытында 4 тех­ногенді  төтенше жағдай тіркелген.

– Қазіргі уақытта жағдай тұрақ­ты, тіршілікті қамтамасыз ететін жә­не ком­муналдық нысандар штаттық ре­жимде жұмыс істеуде. Республи­ка­лық және облыстық маңызы бар ав­томобиль жолдарында төтенше жағ­­дай тіркелген жоқ, барлық бағыт­та­ғы автокөлік жолы ашық. 31 жел­тоқ­сан мен 4 қаңтар аралығында «Қаз­гид­ромет» Қызылорда филиалы 4 дауылды ескерту берді. Барлық ес­кертулер алгоритмге сәйкес өңде­ліп, жолданды (смс, «Дәрмен» қосым­ша­сы, электронды пошта арқылы).

Облыс бойынша орта есеппен 164 қызметкер, 45 техника, 1 киноло­гия­лық есеп, 8 ұшқышсыз ұшу аппа­ра­ты және 1 тікұшақ күшейтілген ке­зек­ші­лікке жұмылдырылды, – деп атап өтті Азамат Плалұлы.

Облыс бойынша 75 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Онан бөлек, ме­реке күндері БМСК ұйымдарының жанында 29 мобильдік топ қысқар­тылған режимде жұмыс істеді.

– 31 желтоқсан мен 4 қаңтар ара­лығында 103 желісіне түскен ша­қыр­ту саны – 6700, оның 2100-і бала.

Демалыс күндері 31 жол-көлік оқи­­ғасы болып (қала – 10, аудан – 21), 54 адам зардап шеккен, оның 13-і ау­руханаға жатқызылды.

Оған қоса 954 науқастан жедел рес­­­пираторлы-вирусты инфекция диаг­­­нозымен шақырту түскен, 180-і та­сымалданып, 140 науқас стацио­нар­­­­­да ем қа­былдап жатыр, – дейді Жаңыл Абубакирова.

Айта кету керек, жаңа жыл түні облыста 54 сәби дүниеге келді. Оның 25-i ұл, 29-ы қыз.

– Барлық қызметтер толық дайын­дық режиміне келтірілді. Комму­нал­дық, төтенше жағдайлар және қо­ғамдық қауіпсіздікке қатысты мәсе­лелерге ерекше бақылау орнатылды. Жауапты мемлекеттік органдармен жә­не қызметтермен өзара іс-қимыл күшейтілді. Азаматтардың өтініш­те­ріне уақытылы және сапалы жауап беру басты назарда болды. «112» же­лісіне 3583 хабарлама түсті. Оның ішінде өрт оқиғасы туралы (101) – 12, төтенше жағдайлар (112) – 9, құ­қық қорғау сипаты бойынша (102) – 1594, анықтамалық және басқа да ха­барламалар – 1947. Тәулігіне өті­ніш­терді қабылдау мен тіркеудің орта­ша саны – 717.

112 нөмірі арқылы шұғыл си­пат­тағы 1615 ха­барлама қабылданып,  же­дел әрекет ету қамтамасыз етілді. «109» желісіне 1973 өтінім  түскен, 1904-і (96,5%)  орындалды. Барлық өтініш жедел түрде тіркеліп, по­ли­ция, жедел медициналық жәрдем, тө­тенше жағдайлар департаменті жә­не коммуналдық қызметтерге уақы­тылы жолданды. Жаңа жыл мерекесі кезінде қыз­меттердің үйлесімді жұмысы нә­ти­жесінде әлеуметтік тұрақ­тылық пен тұрғындардың қауіпсіздігі қам­та­­­масыз етілді, – деді Бағлан Бекен­тайұлы.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»