Мерзім мен сапа – басты талап

939

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысанды аралады.


Алдымен өңір басшысы Ж.Қизатов атындағы №23 мек­теп-лицейіндегі күр­делі жөндеуге көрді. Жөндеуге «Жұ­мыс­пен қамту жол картасы» мем­лекеттік бағдарламасы ая­сында қаржы бөлініп, 100 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 50 адам қалалық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімі арқылы алынған. Жөндеу жұ­­мыс­тары 15 мамырдан бастал­ған және жыл соңына дейін бі­теді деп жоспарлануда. Облыс әкімі жұмыстарды сапалы жүр­гізіп, уақытында бітіруді тапсырды.


Мұнан соң өңір басшысы М.Мәметова атындағы Қы­зылорда педагогикалық жо­ғары колледжінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұ­мыс­тарымен танысты. Бұл ны­санды жөндеу 4 ма­мырда басталған. Бүгінгі күні 74 тұрғын жұмыспен қам­тылса, оның 37-сі – жұмыссыз ретінде тіркелгендер. Облыс әкімі қала әкіміне жөндеу жұ­мыс­тарын жылдың аяғына дейін бітіруді тапсырды.


– Карантин экономи­камыз­дың дамуына әсер етуде. Эпи­де­миологиялық ахуалмен қа­тар жұмыссыздық мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Сол се­бепті мемлекеттік бағ­дар­ламаларды тиімді пайдаланып, жұмыссыздық мәселесін ше­шіңіздер. Атқарылып жат­қан жұ­­мыстардың сапасына аса мән беріңіздер. Колледжді жөн­­деуді жыл соңына де­йін аяқтау қажет, – деді облыс әкімі.


Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова Қазыбек би, И.Журба көшелерінде жүр­гізі­ліп жатқан орташа жол жөн­­­деу және «Тағзым» алаңы мен теміржол паркіндегі абаттандыру жұ­­мыс­тарын көрді. Қазбек би, И.Журба көшелерін жөндеу барысында 58 жаңа жұмыс орны ашылған.


«Тағзым» алаңын абаттандыру 8 шілдеде басталды. 45 адам жұмыспен қамтылуда. Ал, теміржол пар­кінде 60 жұмыс орны ашылды. Өңір басшысы қала әкіміне бөлінген қаржының мақ­сатты жұмсалуын бақылап, белгіленген уақытта бітіруді тапсырды.


Әрі қарай облыс әкімі мем­лекеттік бағдарлама ая­сын­­да күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Ә.Молдағұлова атындағы №173 және Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептеріне барды.
№ 173 мектептегі жөндеу жұмыстарында 35 тұрғын ең­бек­пен қамтылыпты. 11 маусымда басталған жөндеу жыл соңына дейін бітеді деп жос­парлануда. Ал, №112 білім ұясын күрделі жөндеу 14 мамырда бас­талған, 23 азамат еңбек етуде. Облыс әкімі білім мекемелеріндегі жөндеу уақытында бітіп, сапалы болуын тапсырды.


Айта кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы» мем­лекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына 18 млрд астам тенге бөлініп, 98 жоба жүзеге асырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<