Топ-баннер2

Міндеттер орындалуымен маңызды

3

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Жиында көтерілген бағыт бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов назарда тұрған міндеттерді пысықтады.

– Аймақ басшысының тұрақты әрі жүйелі қолдауының нәтижесінде қала аумағында құрылыс ауқымы артып келеді. Соған сай тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бүгінде тұрғын үйлерге сұраныс деңгейі өте жоғары. Осыған байланысты қажеттілік бойынша талдау жүргізу керек. Сондай-ақ, құрылыс сапасына ден қойып, күнделікті бақылау жасауды тапсырамын, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Аталған мәселелерге сәйкес жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеліп, қысқа мерзім ішінде тиісті жұмыстарды жүзеге асыру міндеттелді.