Мозамбикте «Шидо» дауылынан 94 адам мерт болды

52

0

Фото: report.az

Бұл туралы Табиғи апаттарды басқару және оның тәуекелдерін азайту жөніндегі ұлттық институтқа сілтеме жасап AFP агенттігі жазды, деп хабарлайды Report.

Айта кетейік, Мозамбикте 15-і мен 19 желтоқсан аралығында соққан дауыл мен жауын салдарынан 110 үй қирады.

Осыған дейін Кабу-Делгаду, Ньяса, Нампула, Тете және Софала провинцияларындағы 329 мың адамның босқынға айналып, 500 адам жарақат алғаны туралы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, циклон 7-8 желтоқсанда Үнді мұхитының шығыс бөлігінде пайда болып, ол жерден Африка жағалауларына бағыт алды.

Алдымен ол Майотта аралына (Францияның Үнді мұхитындағы аймағы) соғып, 30 адам мерт болды. 23 желтоқсанда аралда аза тұту күні жарияланды.

Дауыл Мозамбиктен батысқа қарай ойысып, Зимбабве мен Малавиге соқты. Малавиде 13 адам мерт болды, көптеген ғимарттар қирап, 45 мың Малави тұрғыны баспанасыз қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<