Мүйізді ірі қара саны артуда

862

0

Сырдария ауданындағы Шаған ауылында «Шаған жер» серіктестігі күріш өндірісінен бөлек ата-кәсіп – мал шаруашылығымен де айналысады.

Халықтың негізгі тіршілік көзіне айналған шаруада бүгінде төрт азамат тұрақты жұмыспен қамтылуда.

– Алғаш рет 2020 жылы шаруашылықта мал басы саны нөлдік көрсеткіш болатын. Биыл мал басының жалпы саны 298-ді құрап отыр. Күніне екі мезгіл сауылатын сауынды сиырларымыздан тәулігіне 80 литрден 160 литр сүт өндіреміз. Ал алынған сүттен қатық, айран, құрт өнімдерін шығарып, ауылымыздағы сауда дүкен сөрелеріне қойылады. Осылайша халыққа тиімді бағада ұсынып отырмыз. Былтырғы жылы ет-сүт өнімдерін сататын арнайы дүкен аштық. Бұл да халық игілігі үшін жасалып жатқан үлкен қадамдар. Онан бөлек шаруашылықта 147 бас жылқы оның ішінде 51 бие бар. Пандемия кезінде тұрғындарға тегін саумал ұйымдастырылды. Сонымен қатар өткен жылы 50 қой алынып, биыл 14 қошақанға төлдеп жатыр, – дейді мал шаруашылығының меңгерушісі Ұлтай Смағұлқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<