Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді

48

0

Фото: Жеке мұрағаттан

Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатында жергілікті уақытпен 10:00–де түріктің Diyanet Center of America мешітінде өтеді және сол штаттың зиратына жерленеді.

Бұл туралы Америкадағы қазақстандықтар агенттікке хабарлады.

— Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00–де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00–де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00–де Parklawn Memorial зиратында өтеді, — деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін таңда белгілі жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та 85 жасында дүниеден озды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984) атағының, Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997), «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019) болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<