Мұрат Әйтенов Шымкент әкімі қызметінен босатылды

491

0

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

42 жастағы М.Әйтенов бұл қызметке 2020 жылдың 21 қаңтарында тағайындалған болатын.