Нан пісіріп, кондитерлік цех ашты

978

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік қолдаудың көмегімен бизнес ашқан жан. Шиелілік кәсіпкер Арманкүл Ажмитова «Қызылорда «Өңірлік инвестициялық орталығына» жүгініп, 10 млн теңге рәсімдеген. Бұл қаржыға нәзікжанды тәтті-дәмді әзірленетін цех ашыпты.

Арманкүл апай нан-тоқаш пісіруді жастайынан жақсы көреді. Оған түрлі мерекелерге балкүлшелер, печенье мен бәліш пісіру қатты ұнаған. Қызықты рецепт пен кішкене фантазия қосу арқылы керемет тәттілер жасалды. Барлығы тамсанатын.

Нан пісіріп, кондитерлік цех ашты

«Naubaikhana» деп аталатын кондитерлік цех биыл қыста ашылған. Өндіріс басшысының айтуынша, ең бастысы дайындалатын тәттілер химиясыз, табиғи таза өнімнен жасалады.

Қазір жеке кәсіпкерлік айына 5 тоннаға дейін өнім шығаруда. Сонымен қатар, 5 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда тәтті өнімдердің 20-дан аса түрі әзірленеді. Соның ішінде, әсіресе «Вупи пай» деп аталатынына сұраныс аса көп. Өнімнің жоғары сапасы мен сырт келбетінің көркемдігі үшін ғана емес, бағасының қолжетімді болуына да аса мән береді.

Нан пісіріп, кондитерлік цех ашты

– Мемлекеттен 10 млн теңге алып, жаңа қондырғылар, ғимаратты жөндеу жұмыстарын жасап, осы жерден өндірісті кеңейтіп жатырмыз. Енді алдағы уақытта Қазақстанның барлық қалаларына өнімдерді сатып, жеткізу жоспарымыз бар. Біз өз тауарымызды ауылымыздан бөлек, облыстың басқа да аудандарына жөнелтіп тұрамыз. Қазір өнімге тапсырыс күн санап артып келеді, – деді А.Ажмитова.

Өндіріс ошағында дайындалған печеньелерді қаладағы дүкен сөрелерінен кездестіруге болады.

Қызылорла облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<