Наурыз келді, көктемім,
Күлімдейді көкте күн.
Гүлге енді орайды,
Маң даланың бөктерін.
Наурыз келді далама,
Бар тіршілік жаңара.
Қуанышты ауыл-ел,
Қуанышты қала да.
Дәуірлердің құрдасы,
Ғасырлардың сырласы.
Мұсылмандар мейрамы,
Наурыз келді – Жыл басы.
Ақ бауырсақ шашылсын,
Ақ құшақтар ашылсын.
Әуелеген ақ тілек,
Күнге қарай асылсын.
Салт-дәстүрмен бұрынғы,
Ұштастырып бүгінді.
О, Халайық, кәнекей,
Қарсы алайық Ұлуды.
Қайырлы боп қадамың,
Бейбіт болсын, заманым.
Төріме шық, оң басып,
Кел, Жаңа жыл-Жаңа күн!
Оңталап БАЗАРАЛЫ,
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<