Нигерияда Ласса безгегінен көз жұмғандар саны 163-ке жетті

1919

0

Фото: aa.com.tr

Өлімге әкелетін ауру Нигерияның 34 штатына, оның ішінде астанасы Абуджаға да тарады, деп жазады Анадолы.

Нигерия ауруларды бақылау орталығының (NCDC) мәліметінше, өлімге әкелетін аурудан көз жұмғандар саны 163-ке жеткен.

Нигерия үкіметі ауруды емдеуге арналған 3 дәріні анықтағанын айтты.

Өткен жылы Нигерияда 1227 адамнан Ласса безгегі анықталған, оның 219-ы қайтыс болған.

Ласса безгегі алғаш рет Нигерияда 1969 жылы елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында анықталған.

Ласса безгегіне байланысты Нигерия үкіметі өткен жылдың ақпан айында төтенше жағдай жариялады.

Ласса безгегі егеуқұйрық пен тышқандар арқылы тарайды. Бұл қауіпті ауру адамнан адамға жұғады және өлімге әкелуі мүмкін.

Ел билігі халықты сақтық шаралары мен гигиеналық нормаларды сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Нигерияда тырысқақ індетінен көз жұмғандар саны 156-ға жетті.

Ал, мамыр айында Нигерияда бір аптада қызылша індетінен 42 адам қайтыс болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<