Облыста төрт түліктің саны өсіп келеді

471

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде өңірдегі ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде. Әсіресе, мал шаруашылығын дамытуға жасалған қолдаулардың нәтижесінде облыстағы төрт түліктің саны өсіп, өнімі де ұлғайып келеді. Мәселен, биыл мүйізді ірі қара өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға өскен. Ал, қой мен ешкі басы 878,3 мыңды, жылқы басы 260,3 мыңды құрап отыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Апетов саладағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды баяндады.

– Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 1 мамырына облыстан 12,5 млн. долларды құрайтын 22,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері, яғни күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды. Одан бөлек, өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 406 жоба несиелендіріліп, нәтижесінде 713 жаңа жұмыс орны ашылуда. Оның ішінде 275 адам жаңадан кәсібін ашқан болса, 438 қосымша жұмысқа тартылды. Биыл да республикалық бюджет есебінен 575 жоба қаржыландырылып, 610 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкіл айқындалып, келісім шарт жасалды. 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бойынша 30 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, биыл 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 жоба іске қосылып, 9 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуде,- деді Ерсұлтан Амантайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<