Облыстың денсаулық сақтау саласында оң динамика бар

54

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылдың 12 айының қорытындысымен денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Күтілетін өмір сүрудің орташа ұзақтығы ұзақтығы облыс бойынша 74,6-ға жетті, деп хабарлайды Syrboyi.kz. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков баяндап, 2024 жылға қорытынды жасады.

– Халықтың денсаулығын нығайту – саламыздың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа медициналық көмекті қолжетімді ету, ана мен бала денсаулығын сақтай отырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мемлекетіміздің басты басымдығы екенін атап өткен болатын. Осы аралықта денсаулық сақтау саласында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді көрсеттік, – деді Олжас Ермекұлы.

Брифингте басқарма басшысы өткен жылғы статистиканы да мәлімдеп, аймақтағы халық санының қаншалықты артқанын айтып өтті.

– Ана мен бала денсаулығын сақтау жалпы медицинаның маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 844 810 мың адам тіркелген, оның ішінде 20,9%-ы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер. Өткен жылы аймағымызда 17 873 нәресте дүниеге келді, – деді Олжас Ермекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<