Облыстың экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан

387

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ел экономикасының дамуына кедергі келтіретін қылмыстарды анықтап, олардың алдын алады.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Арман Джанадилов «Азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтарының сақталуын қадағалап және әлеуметтік шиеленісті тұрақты ету – біздің басты міндетіміз»,-деді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аталмыш сала бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар баяндалды.

– Жалпы, өңірде қызметтің негізгі бағыттары бойынша өткен жылмен салыстырғанда оң динамика байқалады. Мәселен, аймақтағы көлеңкелі экономика деңгейін төмендету мақсатында сәуір айында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссияның жұмыс жоспары бекітіліп, өңірдің ерекшелігін және қолда бар жүйелік проблемаларды ескере отырып, қарауға жататын мәселелер әзірленді. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған жұмыс бағыттары да айқындалды, – деді Арман Барысханұлы.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оларды қадағалау бағытында департамент облыс әкімі жанындағы ӘМАТ жөніндегі комиссия шеңберінде жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін комиссия 23 отырыс өткізді. Біз комиссияда қаралған ӘМАТ-қа сауда үстемесінің асып кетуінің 26 фактісін анықтадық. 8 факті бойынша жеткізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік органдарда сатып алудың кезінде өнімсіз делдалдарды жоюдың оң тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Департаменттің жүргізген тексеру нәтижесінде облыстық 3 ауруханада өнімсіз азық-түлік жеткізу тізбегінен делдалдар алынып тасталды. Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісім шарттар жасалғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, қартоп, сәбіз, қырыққабат және қант арзандады. Одан бөлек, қаржылық мониторинг агенттігімен қолға алынған жаңа жобаның бірі – 2022 жылдан бастап қаржы пирамидалары мен алаяқтық сайттарын анықтау бойынша әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қаржы пирамидасы белгісі бар сайттар мен сілтемелерді бұғаттау үшін ҚР цифрландыру және аэроғарыш министрлігі жанынан арнайы эксперттер тобы құрылған.

Қызылордалық мамандармен заңсыздық белгілері бар 263 сілтеме енгізіліп, оның ішіндегі 251 сілтеме бұғатталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жазылушысы қаржы пирамидасының белгілері бар 5 шот жабылды. Жастарды қаржылық алаяқтықтан сақтандыру мақсатында, Қызылорда қаласындағы мектептер мен колледждерде өткен жылдан бері «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында семинар-сабақтар өткізу қолға алынды, – деді талдау әзірлемелер тобының басшысы Нұрбол Әлкебайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<