Өлеңмен өрнектелген өмір

419

0

Фото: Ұйымдастырушылардан

Облыстық кітапханада ақын, журналист Сейіл Боранбайұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрнектелген өмір» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

Кешке жиналғандар ақын болмысы мен шығармашылығына қатысты жылы естеліктерімен бөлісіп, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Рухани кеште С.Боранбайұлының ұлы Ә.Боранбаев пен келіні К.Мусаева, ақын-жазушылар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары болды. Олар шара соңында «Сырдың сардар ақыны» атты кітап көрмесімен танысты.