«Өмірге – Иә, есірткіге – Жоқ!»

160

0

Фото: Талдықорған таңы

Үндеу

Есірткісіз өмір – нағыз ғажайып!

Олар адам өмірін жалмап, армандарды күл талқан етеді. Бір сәттік қызық үшін денсаулығың мен болашағыңды құртуға болмайды.

Құрметті достар!

Әр адамдың арманы бар, сол армандарға жету үшін таза оймен, күш-қуатпен өмір сүру керек. Есірткілер тек уақытша әсер беріп, бірақ ұзақ мерзімде бәрін жояды. Олардың ішінде денсаулық, достық, отбасы, бақыт бар.

Өмірге «Иә», есірткіге «Жоқ» деп айтайық. Достарымызбен бірге спортпен айналысып, жаңа нәрселерді үйреніп, қызықты сәттерді бағалайық.

Әр күні – мүмкіндіктерге толы, оны босқа өткізбе. Сенің қолыңда – тек бір өмір, оны құрметте.

Қуанышты сәттер, денсаулық, армандар – барлығы саған жетеді, егер сен есірткілерге берілмесең. Таза өмірді таңдайық, болашағымызға жауапкершілікпен қарайық!

Закир Нұрсері Шакиркожаұлы,

256 орта мектеп 8-сынып оқушысы,

Жаңақорған ауданы.