Өндірістегі алғашқы қадам: Болашақ маманның арманы

156

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Андасбек Алмасбек И.Әбдікәрімов атындағы Жоғарғы политехникалық колледжінің студенті. Ол вагон жөндеу депосында тәжірибеден өтіп жүріп, болашақ мамандығының қыр-сырын меңгергісі келеді. Дөңгелек жұптарын жөндеуге тікелей араласып жүрген жас маман еңбек процесінің әрбір сәтінен үйренуге тырысады. Ол үшін әрбір күн – жаңа тәжірибе, жаңа білім, жаңа мүмкіндік. Ұстаздарының қолдауы мен өндірістегі шебер мамандардың ақыл-кеңесі оның арманына жақындата түсуде.

– Біз үшін вагон жөндеу депосындағы тәжірибе – үлкен мектеп деп айтсам болады. Мұнда дөңгелек жұптарын жөндеу жұмысына тікелей араласу арқылы болашақ мамандығымыздың қыр-сырын тереңірек меңгерудеміз. Бұл саланың ел экономикасы үшін маңызы зор екенін түсіндік, өйткені теміржол – халықты, өндірісті, сауданы байланыстыратын маңызды жүйе. Ұжымдағы тәжірибелі мамандардан үйренеріміз көп. Олар бізге тек жұмыс тәсілдерін ғана емес, еңбек тәртібін, жауапкершілікті де үйретуде. Бұл – болашақта жақсы маман болуымызға жол ашатын қадам, – деді Андасбек Алмасбек.