Өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады

94

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға барды.

Алдымен «Қорқыт Ата әуе­­жайының» жаңа терми­на­лында болды. Бүгінде әуежай­дың өт­кізу қабілеті 7 есе ұл­ғайып, мұнда жылына 2 млн жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Жаңа терминал IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сай келеді.

Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария ауданының «Бес­арық» ауылына барып, мектеп, дәрі­герлік амбулатория және спорт­тық-сауықтыру кешенінің жұ­мысымен танысты. Мұнан бөлек, «Ауыл аманаты» бағ­дар­ламасының орындалу ба­ры­сын көрді. «Абай-Дәу­лет» ЖШС ұйымдастырған алаң­да ауыл тұрғындарының 13 биз­нес-жоба­сы жүзеге асуда. Мұнда жартылай фабри­кат­тар, пластикалық ыдыс­тар, ағаш бұйымдары, тоқыма, конди­тер­лік өнімдер, сабын және басқа да тауарлар шығаратын цехтар жұмыс істейді.

«Бесарықта» жастарды отан­­сүйгіштік пен ізгілікке тәр­бие­леуге арналған «Адал адам» тұжырымдамасы енгізілген. Ба­­ла­­ларға түрлі үйірмелер ұсы­ны­лып, шығармашылық ұжым құрылды.

Келесі бағыт – жаңа жылу-электр орталығының құрылыс алаңы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған ны­­санға түркиялық «Акса энерд­жи» компаниясы 137 млрд тең­геден астам инвестиция құй­ды. Жоба бойынша екі газ­тур­биналық қон­дырғы, 95 МВт-тық бу турбинасы, екі бу және төрт жылу қазандығы орна­тылады. Қазіргі уақытта құры­лыс жұмыстарының 70%-ы аяқталған. Сонымен қатар бюд­жет есебінен 15 млрд теңгеге 45 шақырым газ құбыры мен автоматтандырылған газ та­ра­ту станциясы салынды. Құ­ры­лыс алаңында 1200-ден ас­там жұ­мысшы еңбек етуде, олар­дың көпшілігі жергілікті тұр­ғындар.

Жылу-электр орталығын осы жылдың IV тоқсанында іс­ке қо­су жоспарланған. Алдымен 1 газтурбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы пайдалануға бе­рілсе, қалғаны 2026 жылы қо­сы­лады. Жоба іске асқанда өңір­дің энергетикалық әлеуеті артады.

Аралау кезінде Желтоқсан көшесі бойындағы жылу бе­ру маусымына дайындық жұ­мыс­­тары да тексерілді. Мұн­да «Қызылорда қаласында ТК-28-ден ТК-38-ге дейінгі ма­гистраль­дық жылу желілерін қайта жаң­ғырту» жобасы жү­зеге асы­­рылуда. Жоба аяқтал­ған соң 15 мың абонент, 49 көп­­қабатты тұрғын үй жә­не 22 әлеу­меттік нысан тұрақ­ты жы­лу­мен қамтылады. Құры­лыс жұ­мыс­тары тамыз-қазан ай­ла­ры аралығында жүргі­зіледі.

Сонымен қатар аймақ бас­шысы «Сыр жұлдыздары» шы­ғар­машылық-инновациялық ака­­демиясының, физика-мате­матика мектеп-интернатының жұмы­сын көрді. Одан кейін сол жаға­лаудағы шағын өнер­кәсіптік ай­мақтың құрылыс барысын тек­серді.

«СБ» ақпарат