Өңір еңбеккерлерінің күріш өңдеу ісінде үлесі зор

338

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шаһар тынысымен танысып жүрген аймақ ардагерлері күріш өңдеу ісіне мамандандырылған «Жан-Арай» агро-индустриялық кешенінде болды.

Қонақтарға «Жан-Арай» серіктестігінің директоры Бақдәулет Махашов зауыттың негізгі шығаратын өніміне қатысты мәлімет берді.

Сонымен қатар, өңір еңбеккерлерінің жұмысын баяндап, бұл саланы өркендетудің басты бағыттарын атап өтті.

«Жан Арай» ЖШС өзінің шығарған өнімдерін облыстың халқына, көршілес ел Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріне және Ресей мемлекетіне сатып жатыр. Күріш ақтау зауыты заманауи техникалармен жабдықталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<