Өңірдегі құқық бұзушылықтар саны 6 пайызға төмендеген

91

0

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл басынан бері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үздіксіз жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі құқық бұзушылықтар саны 6 пайызға төмендеген.

Оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстар 13,6 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар 23,6 пайызға, ал мал ұрлығы 68 пайызға азайған. Жергілікті полиция басқармасының айтуынша, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 9,9 пайызға жоғарылаған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердаулет Жаукеев мәлімдеді.

– Бүгінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жол апатының алдын алу бағытында республикалық маңызы бар тас жолдарға түнгі уақытта жүргізушілердің назарын аудару мақсатында 6 дана жарқылдауық маяк пен 7 жерге бейнекамера, 10 дана қызметтік автокөлік макеттерінің муляжы және 9 жерге «Әкетай, асықпа», «Құрметті жүргізуші! Жылдамдықты шамадан тыс асырма» мәтінінде панолар орнатылды. Сондай-ақ, 7 аудан тұсына 2 данадан жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін өлшегіш құралдар орнатуды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, қазіргі таңда халықтың полицияға деген сенімі де артып келеді. Оған дәлел ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік зерттеуі шеңберінде полицияға сенім дәрежесін анықтау бойынша халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде Қызылорда өңірі халқының полицияға деген сенімі 77 пайызды құраған, – деді Ердаулет Баянбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<