Өңірдегі студенттік жатақхана мәселесі бақылауда

38

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысындағы 16 мемлекеттік және 4 жеке колледжде жатақхана мәселесі толық шешімін тапқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов мәлімдеді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханамен қамтамасыз етуде аймақта біршама тиянақты жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде облыста 28 колледж (17 мемлекеттік, 11 жеке) жұмыс істейді. Оларда 20 343 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар саны – 13 102 студент.

«Қызылорда облысындағы 16 мемлекеттік және 4 жеке колледжде жатақхана мәселесі толық шешімін тапқан.

15 колледж меншігінде жатақхана бар, 5 колледжде жеке инвесторлардың қаржысы есебінен салынған жатақханалар бар. 8 колледж келісім-шарт негізінде жатақханаларды жалға алған. 1986 студент жатақханамен қамтылған», – деді Шахмардан Асқарұлы.

Облыс бойынша жеке инвесторлардың қаржысымен жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін салынған жатақханалардың жай-күйіне талдау жүргізілген.

«Заман талабына сай салынған жатақханаларда cтуденттерге қажет барлық жағдайлар жасалған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғимарат ішінде бейнебақылау жүргізіледі. Жатақханалар интернет желісімен қамтамасыз етілген.

2024 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Қаржы орталығы» АҚ-мен келісім-шарт негізінде жеке кәсіпкер «Р. Дүлдүл» «Абылайхан атындағы жоғары колледжі» мекемесінің студенттері үшін 200 орынға арналған жатақхана құрылысын аяқтап, пайдалануға берді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің балансында 2 студенттік жатақхана жұмыс жасайды. Әріптестік негізінде келісім-шарт арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-мен қаржыландырылатын «Өркениет», «ДилМаш», «Инкар 7» ЖШС жатақханаларынан 680 орынды пайдалануға университетпен келісім жасалған. Бүгінгі күні жұмыс жасап тұрған жатақханалардағы орын саны – 1 340.

2024 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Қаржы орталығы» АҚ-мен жасалған келісім-шарт негізінде «ДилМаш» ЖШС университет студенттеріне арналған 350 орындық жатақхана құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Жалпы облыстағы оқу орындардағы студенттердің жатақхана қажеттілігі толық қанағаттандырылған, – деді облыс әкімінің орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<