Өнім аз болуы мүмкін: дәнді дақыл егілген алқаптардың 40%-ы нашар күйде

480

0

Қазақстанда дәнді дақылдар егілген алқаптардың 40%-ға жуығы нашар күйде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өсімдік шаруашылығы мониторингі бөлімінің мамандары егіс дақылдарының жай-күйіне спутниктік бағалау жүргізді. 10 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары егілген алқаптары ауданының жай-күйі Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша бағалануы: өте жақсы – 1 059 681,15 гектар (жалпы алқаптың 6,4%-ы), жақсы – 2 052 346 гектар (жалпы алқаптың 12,4%-ы), қанағаттанарлық – 6 910 060,5 гектар (жалпы алқаптың 41,9%-ы), нашар – 4 333 005,2 гектар (жалпы алқаптың 26,3%-ы), өте нашар – 2 129 328,2 га (жалпы алқаптың 13%-ы)», – делінген «Қазақстан Ғарыш Сапарының» зерттеу деректерінде.

Ұлттық компания мәліметіне сай, жай-күйі «нашар» және «өте нашар» деп бағаланған алқаптардан алынатын өнім көлемі аз болуы мүмкін.

«Өсімдік шаруашылығының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша ақпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментіне беріледі. Жалпы, Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша жай-күйі «нашар» және «өте нашар» деп бағаланатын дақылдар анықталған жағдайда өнімділіктің төмендеуіне немесе оның толық болмауына әкелуі мүмкін», – деп жазылған «Қазақстан Ғарыш Сапарының» хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<