Өзекті мәселелер қаралды

196

0

Фото: Шиелі ауданы

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Аппарат отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Маңызды жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Бюджет қаржысының болжамды игерілуі мен салық түсімдері және бос тұрған ғимараттар жөнінде» аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов хабарлама жасады.

Мәжіліс отырысында аудан әкімі аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Осы жоғары көрсеткішпен жылды аяқтауымыз қажет. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін Республикалық және облыстық, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың сапалы әрі мерзімінде 100 пайызға игеру керек, – деді.

Күн тәртібіндегі екенші мәселе «Жер заңдылықтарын сақтау мәселесі туралы» – аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков баяндады.

Бұл мәселе бойынша аудан әкімі жердің пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізуді және анықталған заң бұзушылықтар бойынша заңмен көзделген шараларды, әкімшілік шара көруді қатаң тапсырды.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі соңғы мәселе коммуналдық қызметтерді үздіксіз сапалы беру, тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болып Рейд жұмыстарын жүргізу, Республикалық «Таза Қазақстан эколгиялық акциясы» аясында тазалық жұмыстарын үйлестіруді жалғастыру және жаңа жыл мерекесі қарсаңында іс шараларды іске асыру турасында талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.

Шиелі ауданының әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<