Соңғы жылдары Үкімет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөлініп, тұрақты қолдау көрсету қалыпты үрдіске айналды. Әрбір өңірде оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мен тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар мықтап қолға алынды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыста мүмкіндігі шектеулі 29700 адам бар немесе бұл – жалпы халық санының 3,7 пайызы. Олардың өмір сүру деңгейін жақсарту бағытында мақсатты және жүйелі жұмыстарды жүргізу үшін 2013 жылы «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жол картасы» қабылданды. Онда белгіленген шаралар толығымен орындалды.
Жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қамкөңіл жандарға мемлекет тарапынан ай сайын мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға әзірленген жеке оңалту бағдарламалардың орындалуына облыстық бюджеттен бөлінген қаражат жылдан жылға артып келеді.
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындауға 2019 жылы бюджеттен 1173,3 млн теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 222 млн теңгеге артық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<